Accessibility links

Әлем христиандарының көбі Рождествоны тойлап жатыр


Рим Папасы Франциск Ватикандағы әулие Петр храмында сәби Ғайса мүсінін сүйіп тұр. 24 желтоқсан 2015 жыл.
Рим Папасы Франциск Ватикандағы әулие Петр храмында сәби Ғайса мүсінін сүйіп тұр. 24 желтоқсан 2015 жыл.

Әлем католиктері мен протестанттар және кейбір православие шіркеулері бүгін, 25 желтоқсанда Ғайса пайғамбардың туған күні Рождество мерекесін атап өтіп жатыр.

Дәстүр бойынша негізгі діни құлшылық аңыз бойынша Ғайса пайғамбар дүниеге келді делінетін Иордан өзенінің батыс жағасындағы Вифлеем қаласында өтеді.

Биыл Палестина аумағындағы тәртіпсіздіктер мен израильдіктерге жасалып жатқан шабуылдардан Вифлеемде жылдағыдай Рождество асқан салатанатпен тойланбайды. Жаңа зорлық-зомбылық болу қаупінен Вифлеемге зиярат етіп барушылар саны кәдімгідей азайған.

Рим Папасы Франциск Рождество қарсаңында, яғни 24 желтоқсанда өткен діни мереке - месса кезінде әлемдегі 1,2 милилард католикті мейірімділік, рақымшылық, қайғыға ортақтасу мен әділеттілікке шақырды.

Католиктер, протестанттар мен кейбір православиелік шіркеулер Рождествоны жаңа Григориан күнтізбесі бойынша 25 желтоқсанда атап өтеді. Шығыс Еуропа елдері, оның ішінде Ресей Рождествоны 7 қаңтарда тойлайды.

XS
SM
MD
LG