Accessibility links

Назарбаев туысын ҰҚК төрағасының 1-орынбасары етіп тағайындады


Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Самат Сатыбалдыұлы Әбішті Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл туралы бүгін ресми ақпарат құралдары хабарлады.

Осыдан бір күн бұрын президент жарлығымен ҰҚК комитетінің төрағасы ауысқан болатын.

Бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінде істеген генерал Самат Әбіш – президент Назарбаевтың туған ағасының ұлы.

XS
SM
MD
LG