Accessibility links

Алматыда актер Меңтай Өтепбергеновпен қоштасты


Алматыдағы халықаралық кинофестиваль кезіндегі қызыл кілем. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы халықаралық кинофестиваль кезіндегі қызыл кілем. (Көрнекі сурет.)

Алматыда бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, белгілі киноактер Меңтай Өтепбергеновті ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсіміне туыстары, достары, әріптестері, Алматы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Мәскеу кинематография институтының (ВГИК) түлегі Меңтай Өтепбергенов «Ақ шаман», «Вонг мадамның құпиясы», «Интердевочка», «Рэкетир», «Нан дәмі», «Шанхай» және тағы басқа фильмдердегі рөлдері арқылы көрерменге танымал.

Меңтай Өтепбергенов 70-ке қараған шағында, ұзаққа созылған ауыр дерттен 5 қаңтарда Алматыда дүние салған.

XS
SM
MD
LG