Украина президенті Петр Порошенко 86 судьяны ант бұзғаны үшін жұмыстан босату туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы сенбі күні оның баспасөз қызметі хабарлады
Мәліметтер бойынша, үш судьяны «Ар-намыс революциялары» (Украинада 2013-2014 жылдары қыста болған белгілі оқиғаларды осылай атайды) белсенділеріне қатысты шығарған заңсыз шешімдері үшін қызметтен алған. Ал Харьков қаласындағы судья Денис Чудовский мен Киевтегі екі судья – Юлия Швачач пен Дмитрий Кравецті Жоғарғы әділет кеңесінің ұсынысымен жұмыстан босатқан.
Порошенко қол қойған тізімдегі 83 адам – Ресей аннексиялап алған Қырымдағы бірқатар соттардың қызметкерлері деп хабарладыУНИАН агенттігі.