Қазақстан ұлттық банкінің қаңтар айында валюта нарығында жасаған интервенциясының көлемі 57,7 миллион доллар болды деп мәлімдеді бүгін Шымкентте өткен баспасөз конференциясында ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
"Ұлттық банк валюта нарығына араласуын азайтты" деген Ақышев теңгенің айырбас бағамының динамикасы мұнай бағасының төмендеуі, рубльдің әлсіреуі, банктер мен тұрғындардың болжалына байланысты өзгеретінін айтты. Ол бұған қоса таяу уақытта теңге бағамының кәдімгідей өзгеру мүмкіндігі төмен екенін тағы да қайталады.
Ұлттық банк дерегінше, коммерциялық банктердегі доллармен сақталатын депозиттердің үлесі азаймай отыр. Екінші деңдейдегі банктерде жеке азаматтардың шетел валютасымен ашқан депозиттерінің үлесі 78,9 пайызға жеткен.