Accessibility links

Парламенттің бірлескен отырысы ашылды


Алтыншы парламенттің бірлескен отырысы. Астана. 25 наурыз, 2016 жыл. 24kz телеарнасы эфирінен алынған скриншот.
Алтыншы парламенттің бірлескен отырысы. Астана. 25 наурыз, 2016 жыл. 24kz телеарнасы эфирінен алынған скриншот.

Астанада алтыншы шақырылымдағы Қазақстан парламентінің алғашқы сессиясы басталды. Парламенттің қос палатасы - мәжіліс пен сенаттың біріккен отырсын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп ашты. Назарбаев қатысқан парламент залына фотографтар мен операторларды ұялы телефонмен кіргізбеді. Азаттық тілшісі фотоаппаратпен сенат пен мәжілістің біріккен отырысына кірмек болғанда президент күзеті ұялы телефонды сыртта тастап кетуді талап етті. Дегенмен мәжіліс залындағы депутаттар ұялы телефондарымен отырды.

Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісі 20 наурызда мерзімінен ерте сайланған. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша парламентке биліктегі "Нұр Отан", билікшіл "Ақ жол" және Қазақстан халықтық коммунистік партиялары өткен.

Палаталардың бірлескен отырысы аяқталған соң мәжіліс депутаттарының алғашқы пленарлық отырысы өтеді деп күтіліп отыр. Алғашқы пленарлық отырыста депутаттар мәжіліс төрағасын, оның орынбасарлары мен парламент комитеттерінің төрағаларын сайлауы тиіс.

Алтыншы шақырылымдағы мәжіліске сайланған депутаттардың 40 пайызы - 5 қаңтарда өз өтінішімен тараған бесінші шақырылымдағы мәжілісте депутат болғандар.

XS
SM
MD
LG