Accessibility links

Мәскеуде Семей ядролық сынағы туралы фильм марапатталды


Алғашқы сутегі сынақ бомбасы. Семей полигоны. Скриншот Ютуб порталынан алынды.
Алғашқы сутегі сынақ бомбасы. Семей полигоны. Скриншот Ютуб порталынан алынды.

Мәскеуде ресейлік оператор Леван Капанадзе түсірген "Сынақ" ("Испытание") фильмі Ресей мәдениет министрлігі мен кинематографистер одағы тағайындаған "Белый квадрат" кинооператорлық өнері сыйлығына ие болды.

Сыйлықтың ресми сайтында хабарланғандай, фильм 2014 жылғы кино өндірісіндегі ең үздік жұмыс үшін берілген. "Сынақ" фильмі Қазақстанда 1953 жылғы Семей ядролық полигонында алғашқы сутегі бомбасы сыналған уақытта өрбиді. Фильмнің көп бөлігі Қазақстанда түсірілген.

XS
SM
MD
LG