Accessibility links

Әлемде Чернобыль АЭС-і апаты құрбандарын еске алып жатыр


1986 жылы 26 сәуірде апат болған Чернобыль АЭС-інің төртінші блогы. 21 сәуір 2016 жыл.
1986 жылы 26 сәуірде апат болған Чернобыль АЭС-інің төртінші блогы. 21 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусьте және Еуропа елдері мен АҚШ-та бүгін 30 жыл бұрынғы Чернобыль атом станциясында болған апаттың құрбандарын еске алып жатыр.

Алматыда бүгін Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқандарға арналған ескерткіш ашылып жатыр.

Ертең Мәскеудің Митинский зиратында апаттың 30-жылдығына арналған қаралы жиын өтеді. Зиратта Даңқ аллеясы ашылған. Зиратта апатты жою кезінде қаза тапқан Ресей, Украина және Беларусьтің 28 өрт сөндірушісі жерленген. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко 26 сәуірде апаттан зардап шеккен аймақтарға барады. Минск қалалық басшылығы оппозицияның «Чернобыльский шлях» акциясын өткізуіне рұқсат етті.

Украина үкіметі министрлер кабинеті Черноблыь АЭС-ін оқшаулау аймағында жұмыс істейтін азаматтардың қосымша ақы төлену құқығын қалпына келтіргенін хабарлады. Чернобыль АЭС-і бас директоры Игорь Грамоткин Мәскеу мен Киевті Чернобыльге қатысты ынтымақтастықты қайта бастауға шақырды. Грамоткиннің сөзінше, ядролық қауіпсіздік – саяси қарым-қатынас шеңберіне сыймайтын қызмет саналады.

АҚШ үкіметіУкраинаға апат салдарын жоюға қосымша 10 миллион доллар бөлмек. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Чернобыль апатының 30 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінде айтты. Ол АҚШ 1986 жылы АЭС-тің жарылыс болған төртінші блогын 100 жыл уақытқа жарайтындай етіп жабуда жетістік барын байқағанын айтты. Кирби Вашингтон Киевпен және халықаралық әріптестермен апат болған аймақтағы өмір сүру деңгейін жақсарту жұмыстарын жалғастыратынын айтады.

Еуропа комиссиясы 25 сәуірде «ядролық қауіпсіздік» есеп шотына 20 миллион еуро қаржы аударуға міндеттелген. Бұл қаржы – Еуропа Одағы мен «Үлкен сегіздік» елдерінің Чернобыль апаты салдарын жоюға көмек ретінде бөлетін транштың бір бөлігі саналады.

Апат салдарынан Чернобыль АЭС-інің төртінші блогы толық қираған. Мамандардың есептеуінше, апат атом энергетикасы саласы тарихындағы ең ірі апат саналады.

XS
SM
MD
LG