Accessibility links

Қуандық Бешімбаев ұлттық экономика министрі болып тағайындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық экономика министрі қызметіне бұған дейін «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқармасы төрағасы болып істеген Қуандық Бешімбаев тағайындалды. Бұған дейін ұлттық экономика министрі болып істеген Ерболат Досаев бейсенбі күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңесте отставкаға кеткен.

35 жастағы Қуандық Бешімбаев президенттік «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелде білім алған. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Бешімбаев «Самұрық-Қазына» компаниясы басқармасының төраға орынбасары болып істеген. Оның «Самұрық-Қазына» компаниясындағы жұмысы «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асырумен тұспа-тұс келген еді. 2012 жылы Бешімбаев «Қазақстандаму банкі» директорлар кеңесі мүшесі болған.

Қуандық Бешімбаев 2013 жылы наурызда «Бәйтерек» холдингі басшылығына тағайындалған.

XS
SM
MD
LG