Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитеті жұма күні кешкісін Бішкекте халықтық-патриоттық қозғалыс жетекшісі Нұрлан Мотуевті ұстағаны хабарланды.
Қырғызстандық баспасөз құралдарының хабарлауынша, Мотуев «Халықтық парламент» қоғамдық бірлестігі жиынында елде шариғат заңын енгізіп, «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы тәрізді өмір сүруге шақырған сөзінен кейін ұсталған.
Кейбір постсоветтік елдердегідей Қырғызстанда экстремистік деп танылған ИМ тобы қызметіне тыйым салынған. Саясаткер Нұрлан Мотуев бұған дейін ИМ-ді қолдайтыны туралы мәлімдемелерімен танылған.
Бейсенбі күні қырғыз қауіпсіздік қызметі «Халықтық парламент» қоғамдық бірлестігі мүшелері Бекболот Талғарбеков, Марат Сұлтанов және Торобай Колубаевты «мемлекеттік төңкеріс жоспарлаған» деген күдікпен ұстаған еді.