Accessibility links

Әзербайжан, Грузия және Түркия әскери жаттығу өткізбек


Тина Хидашели, Грузия қорғаныс министрі.
Тина Хидашели, Грузия қорғаныс министрі.

Әзербайжан, Грузия және Түркия қорғаныс министрлері үш елдің біріккен әскери жаттығуын өткізуге уағдаласты. Әзербайжанның Габала қаласында өткен кездесуде министрлер бірлескен әскери жаттығу өткізу жайын талқылады. "Әзербайжан, Түркия мен Грузияның әскери әлеуеті мен дайындығын күшейту үшін біріккен жаттығу өткізу қажет деп таптық" деп мәлімдеді кездесуден соң Әзербайжан қорғаныс министрі Закир Гасанов.

"Грузия 2017 жылы мұндай бірнеше жаттығу өткізуге дайын. Біз жаттығу өткізуге келісім алдық. Енді 2017 жылдың көктеміне жаттығуға дайындаламыз" деді Грузия қорғаныс министрі Тина Хидашели.

Кездесу Әзербайжан мен Армения президенттері және АҚШ, Ресей, Франция дипломаттары 16 мамырда Венада Таулы Қарабақтағы бітімді талқылауының қарсаңында өтіп отыр. Сәуірдің басында Әзербайжаннан бөлініп кеткен Таулы Қарабақ аймағында Армения қолдайтын сепаратистер мен Әзрбайжан әскері арасында қақтығыс болған. 5сәуірде екі жақ бітім жасасқанымен, ара-тұра атыс болып тұрады.

Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабаққа қатысты жанжал совет кезінен жалғасып келеді. 1988-1994 жылдары аймақта әскери қақтығыс болып, салдарынан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан, ал Таулы Қарабақтың өзі Әзербайжаннан бөлініп кеткен.

XS
SM
MD
LG