Accessibility links

Бельгияда ИМ-ге адам жинаған деген күдіктілер ұсталды


Брюссель әуежайы жарылыстан кейін. 22 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Брюссель әуежайы жарылыстан кейін. 22 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Бельгия билігі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына адам жинауға және террорлық шабуылдар жоспарлауға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен төрт адам ұсталғанын хабарлады.

Прокурор Эрик ван дер Септің айтуынша, ұсталғандар Сирия мен Ливияға экстремистер қатарына қосылатын адам жинаған деген күдікке іліккен. Ол сонымен бірге полиция ұсталғандардың Бельгияда жаңадан террорлық шабуылдар жасауды жоспарлағанына айғақ заттар тапқан деп мәлімдеді.

Осыдан үш ай бұрын Брюссельде жалпы саны 32 адамның өмірін қиған үш жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алған. Бұл қылмыстарға күдікті ретінде екі адам ұсталған. Ал былтыр қарашада Франция астанасы Парижде 130 адамды мерт қылған террорлық шабуылдарға күдікті Салах Абдеслам 18 наурызда Брюссельде қолға түскен.

XS
SM
MD
LG