Оралдық белсенді Жанат Есентаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы шілденің 12-сі күні өтеді беп белгіленді. Оған «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру» айыбы тағылған. Бұл туралы Азаттыққа Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұловтың қабылдау бөлмесінде хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша іс қозғау туралы қаулыда Жанат Есентаев «Facebook парақшасында азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін қорлап, араздық тудыратын жазбалар жариялаған» деп жазылған.
Жанат Есентаевты мамырдың 17-сі күні, яғни жер кодексіне енгізілген ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы өзгерістерге қарсы митингі қарсаңында екі айға қамады. Бард әнші интернетте билікті сынайтын әндерімен танылған.