Accessibility links

Сандерс: Клинтон АҚШ-тың келесі президенті болуы тиіс


Сенатор Берни Сандерс пен Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне ұсынылған Хиллари Клинтон.
Сенатор Берни Сандерс пен Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне ұсынылған Хиллари Клинтон.

АҚШ Демократиялық партиясының съезінде Берни Сандерс өзінің бұрынғы қарсыласы Хилори Клинтонды қолдап, оны «келесі АҚШ президенті болу керек» деді.

"Бізге елді біріктіретін және күштірек қылатын басшы керек. Бізді бөлетін жетекші керек емес" - деді Сандерс 25 шілдеде Демократиялық партия съезінің ашылуында. Съезде Клинтон партия атынан 8 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылған.

Сандерс партия атынан президенттікке кандидат болуға Клинтонмен бәсекеге түскен. Съезде қос саясаткердің жақтаушылары арасында да бақталастық сезілген еді.

Ол Клинтонды қолдау сөзін Республикашыл партия кандидаты, өзі «өзімшіл», «араздатқыш», «бейпіл ауыз» және «дауласқыш» деп айыптайтын Дональд Трампты сайлауда жеңу үшін екі тарапты біріктіруге арнады.

XS
SM
MD
LG