Пәкістандағы Карачи қаласында тасқын салдарынан оннан астам адам қаза болған. Көбінің өліміне тоқ соғу себеп болған деп хабарлайды ВВС.
Карачи орналасқан Синд провинциясының премьер-министрі тұрғындарға ауа райының бұзылуы салдарынан үзілген электр желісін қалпына келтіруге уәде еткен.
Пәкістанда бейсенбіден бері нөсер толастамай тұр.
2010 жылы маусымда нөсер мен тасқын салдарынан Пәкістанда мың жарымдай адам құрбан болған еді.