Берлинде тарихшы әрі философ, соғыстан кейін фашизмді зерттеушілердің бірі Эрнст Нольте 93 жасында қайтыс болды деп хабарлайды "Неміс толқыны" радиосы. Нольтенің ең танымал еңбегі - 1963 жылы шыққан "Фашизм өз кезеңінде" деп аталады.
1986 жылы Нольте өзінің "Ешқашан өтпейтін өткен шақ" деп аталатын ұлтшыл-социализм туралы мақаласында советтік ГУЛАГ жүйесі болмағанда сталинизмге реакция ретінде шыққан Холокост та болмас еді деген даулы тұжырым жасаған.
Эрнст Нольте 1923 жылы 11 маусымда Германияның Виттен қаласында туған. Мюнстерде, Берлин мен Фрайбургте Мартин Хайдеггерден философия мен тіл оқыған. Мектепте мұғалім болып, Берлиндегі Еркін университетте және Марбургте философиядан сабақ берген.