Қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаеваның жұбайы, "әйелін өлтіруге оқталды" деген күдікке ілінген Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 14 қыркүйекке белгіленді деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. Бақытбек Есентаев 13 маусымда Баян Есентаеваға дене жарақатын салды деген күдікпен ұсталған. Ол бірнеше бап бойынша күдікке ілініп отыр.
Бұған дейін Есентаеваның дене жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған. Дәрігерлер оған бас-сүйегі мен миы зақымданып, миы шайқалған, денесіне пышақ жарақаттары түскен деген диагноз қойған. 10 маусымда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы аумағында болды деген оқиғаға Бақытбек Есентаев қатысы болуы мүмкін деп қамалған.
Соттың ақпаратына қарағанда, іс Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне алынған. Сот Қаскелеңдегі Қарасай аудандық сотында өтеді.