Accessibility links

Жанысбаевтар отбасын пәтерден шығару 3 айға шегерілді


Қасымхан Жанысбаев отбасымен бірге. Шымкент, 31 тамыз 2016 жыл.
Қасымхан Жанысбаев отбасымен бірге. Шымкент, 31 тамыз 2016 жыл.

Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік отбасыны пәтерінен шығару үш айға шегерілді. Бұл туралы Азаттыққа отбасының отағасы Қасымхан Жанысбаев хабарлады.

Жанысбаевтың айтуынша, 14 қыркүйек кешкі сағат 18:00-де Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты пәтерден шығаруды үш айға шегеру туралы шешім шығарған. Бұл ақпаратты Әл-Фараби аудандық сотында судьясы Мадиярбек Исраилбекұлының хатшысы Ләззат Жапанова да растады.

Шымкенттегі Қонаев даңғылындағы төрт бөлмелі пәтерде тұратын Жанысбаевтар отбасы әке-шешесінен қалған баспанасын мүгедек қызын емдету үшін кепілген қойып, «Астана Финанс» ипотека ұйымынан (қазір «АФ Ипотека» АҚ – ред.) 4 миллион 500 мың теңге несие алып, уақытылы өтей алмаған. Ипотека ұйымы мен сот орындаушылары пәтерді «заңсыз cатып жібергенін» айтқан 40 жастағы Қасымхан Жанысбаев Азаттық тілшісіне «бес балам мен бауырларымды қосқанда 10 адам жалғыз баспанадан заңсыз айырылып, далада қалайын деп отырмыз» деген болатын.

Сот орындаушылары тамыздың 24-і күні бес балалы отбасыны пәтерлерінен шығаруға барғанда отағасы білек тамырын кесіп жіберіп, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілгеннің арқасында аман қалған. Тамыздың 31-і сот орындаушылары қайта барғанда отағасы 8-қабаттағы пәтерінен секіруге, ал әйелі тамырын кесуге әрекеттеніп, ол жолы да пәтерлерінен шықпай қалған. Бүгін сот орындаушылары бұл отбасын кезекті рет пәтерден шығаруға келмек болған.

XS
SM
MD
LG