Accessibility links

Мәскеуде синагогаға шабуылдаған ер адам ұсталған


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Ресей астанасында сенбі күні қала орталығындағы синагога шабуыл жасалған. Бұл оқиғаға күдікті ретінде Мәскеу түбіндегі Королев қалашығының тұрғыны, 40 жастағы ер адам ұсталған.

Ішкі істер органдарының хабарлауынша, синагога күзетшлерімен сөзге келіп қалған әлгі адам пневматикалық тапаншадан бірнеше рет атқан. Күзетшілердің бірі жараланып ауруханаға түскен. Өзгелері шабуылдаған адамды ұстап алған.

Мәскеудегі еврейлер діни қауымдастығының атқарушы директоры Елена Беренсон «Россия 24» телеарнасына шабуылдаған адамның конфессия басшыларының бірімен танысуға ниет білдіргенін айтты деп хабарлады «Интерфакс».

Бұған дейін тараған ақпаратта Спасоголенищевск көшесіндегі синагогаға басып кірген белгісіз біреудің оқ атқаны және қолындағы ыдыстағы жанармаймен синагоганы өртеймін деп қоқан-лоққы жасағаны айтылған еді.

Оқиға кезінде ғимаратта 150 адам болған.

XS
SM
MD
LG