Accessibility links

Нобельдің әдебиет сыйлығын Боб Дилан алды


Музыкант Боб Дилан.
Музыкант Боб Дилан.

Швед академиясы Нобельдің әдебиет бойынша 2016 жылғы сыйлығын "америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық тіркестер тудырғаны үшін" америкалық музыкант Боб Диланға берді.

Былтыр бұл сыйлықты беларусь жазушысы Светлана Алексиевич алған.

1901 жылдан бері берілетін бұл сыйлықты тағайындаған швециялық өнеркәсіп иесі және өнертапқыш Альфред Нобельдің өсиеті бойынша бес номинация - физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік саласы бойынша таратылады.

Шамамен 1 миллион АҚШ долларына жуық бұл сыйлық иегерлерге 10 желтоқсанда - Альфред Нобель қайтыс болған күні тапсырылады.

XS
SM
MD
LG