Accessibility links

Боқаев адвокатының судьяға қарсылығын қанағаттандырмады


Белсенділер Талғат Аян (сол жақта) мен Макс боқаев сот залында отыр. Атырау, 12 қазан 2016 жыл.
Белсенділер Талғат Аян (сол жақта) мен Макс боқаев сот залында отыр. Атырау, 12 қазан 2016 жыл.

Атырауда өтіп жатқан белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сотта Боқаевтың адвокаты Нұрбике Ескендірованың судья Гүлнәр Дәулешоваға қарсылығын қанағаттандырмады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін адвокат Нұрбике Ескендірова адвокаттар соттың әрекетінен "тараптардың тең құқылық принципі бұзылып, тараптардың теңдігі мен қорғану құқығы сақталмағанын байқағанын" айтып, Ескендіроваға қарсылық білдірген. Бұдан соң үзіліс жарияланып, бір сағаттай уақыттан кейін судья Ойқұлова судья Дәулешованың іс-әрекетінде "заң бұзушылық белгілері болмағанын" айтып, оған қарсылық қабылданбайтынын жариялады. Сотты бұдан ары Дәулешованың өзі жалғастырды.

Дәулешова бұдан соң сотта Астанада қамауда отырған шымкенттік кәсіпкер, осы іс бойынша куәгер Тоқтар Төлешовтен видео байланыс арқылы жауап алынатынын жариялады.

Боқаев пен Аянның адвокаттардың бұған дейінгі сотта Төлешов және онымен бірге айып тағылған Досанбаев пен Бекбаевтың сотқа келуін сұрап арыз шағым түсірген. Ақпанның басында өзге іс бойынша қамауға алынған Төлешовке кейін "жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды" деген айып тағылған.

Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісіне қатысты сот 12 қазанда басталған. Боқаев пен Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Макс Боқаев пен Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде "араздық тудыру", "заңсыз митинг ұйымдастыру") бойынша айыптары тағылған. Азаматтық белсенділер бұл айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Қамаудағы Макс Боқаевтың туыстары оның денсаулығына алаңдайды.

XS
SM
MD
LG