Accessibility links

Путин адам құқығы жөніндегі кеңес басшысымен Дадиннің жайын сөйлескен


Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов.
Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов.

Ресей президенті Владимир Путин түрмеде отырған белсенді Ильдар Дадинге қысым жасалған болуы ықтимал деген хабардан соң колониялардағы қоғамдық бақылауды кеңейтуді ұсынған. Бұл туралы ресейлік «Дождь» телеарнасына президент жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов мәлімдеген.

Ильдар Дадин – Ресейде бұқаралық шаралар өткізу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас еркіндігінен айырылған алғашқы белсенді. 2015 жыл желтоқсанда сот оған екі жарым жыл кесіп, жазасын колонияда өтеуге үкім шығарған.

Қазір Карель облысы Сегежа қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан Дадиннің хаты қарашаның 1-і күні жарияланған. Онда белсенді колония қызметкерлері өзін соққыға жығып, азаптап, қоқан-лоққы жасағаны туралы шағым айтқан. Ресей федералдық жаза атқару қызметінің Карелия басқармасы тұтқынға күш қолданылғаны туралы ақпаратты растаған.

Белсенді азаптауға ұшыраған болуы ықтимал деген хабар тараған соң бұл мәселеге адам құқығын қорғаушылар, Ресейдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова және Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот назар аударған.

XS
SM
MD
LG