Accessibility links

Ресей: Сириялық көтерілісшілер Алеппода химиялық қару қолданған


Алеппо көшелерінің бірінде жатқан улы газдан қорғанатын тұмылдырық, Сирия (Көрнекі сурет).
Алеппо көшелерінің бірінде жатқан улы газдан қорғанатын тұмылдырық, Сирия (Көрнекі сурет).

Ресей әскерилері Сирияның Алеппо қаласында көтерілісшілердің химиялық қару қолданғанына "айғағы барын" мәлімдеді.

"Ресей қорғаныс министрлігінің сарапшылары террористердің улы заттары бар, жарылмаған артиллериялық оқтарын тауып алды" делінген министрліктің 11 қарашада таратқан мәлімдемесінде.

Ресми ақпаратқа қарағанда, артиллериялық оқтардағы улы заттар қыша газы және улы ақ фосфор болуы әбден мүмкін.

Химиялық қару туралы конвенцияға сәйкес, қыша газын қолдануға тыйым салынған. Сирия бұл конвенцияға 2013 жылы одақтасы Ресейдің ықпалымен қосылған.

Ресей қорғаныс министрлігі айғақ заттар ресейлік әскери зертханадан мұқият тексеруден өткізілетінін айтады.

Өткен айда Химиялық қаруға тыйым жөніндегі халықаралық ұйым Сирия үкіметінің әскері 2014 және 2015 жылдары шағын елді мекендерде үш рет қыша газын қолданған деген тұжырым жасаған. Бірақ Ресей мұны "дәлелі жоқ" деп жоққа шығарып, Сирияға бұған қатысты ешқандай санкция салынбауы тиіс деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG