Алматының батыс бөлігіндегі бірнеше шағын ауданның тұрғындары бүгін апат салдарынан жылусыз қалды. "Алматы жылу желілер" компаниясы жұма күні таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін Сайын, Марғұлан, Сәдуақасов және Ұлықбек көшелерінің аумағындағы және Қалқаман шағынауданындағы тұрғындар жылудан ажыратылғанын хабарлады.
Жылумен қамтуға жауапты компания ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Алматыда бүгін күндіз ауа температурасы -6 градус болып тұр. Алматының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті кеше 19-20 қараша күндері қалың қар жауып, ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейтіні туралы ескертіп, СМС таратқан.