24 қарашада Қытайдың Фэнчэн қаласындағы электростанцияда құрылыс конструкциясы құлап, кем дегенде 40 адам қаза тапқан. Жергілікті Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, құлаған құрылыс конструкциясы астында адамдар қалып қойған. Қазір оларды құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Соңғы уақытта Қытайда құрылыс алаңдары мен зауыттарда болатын апаттар саны артқан. Сарапшылар "апаттардың көбеюін коррупция мен қауіпсіздік шаралардың сақталмауы себеп" дейді.
Жақында Қытайдың халықтық соты Тянцьзинь портының қоймасында болған апатқа байланысты Ruihai Logistics компаниясының басшысын өлім жазасына кескен. Биыл 13 тамызда Тяньцзинь порты аймағындағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, оның соңы жарылыстарға ұласқан. Апаттан 173 адам метр болған. Олардың көбі - өрт сөндірушілер мен полиция өкілдері.