Қарағанды облыстық сотында бүгін "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған мұғалім Юрий Пактің апелляциялық шағымы бойынша тараптар жарыссөз кезеңіне өтті. Сотта сөйлеген Юрий Пак өзіне тағылған айыпты тағы жоққа шығарды. Іс материалдары бойынша, ол 2015 жылы полицияға қоңырау соғып, Қарағандыдағы Орталық әмбебап дүкенге бомба қоятыны туралы хабарлаған.
- Мен мұны істкеген жоқпын. Бұл - өте қатаң қате. Тоқтатыңыздар! Адамшылыққа келіңіздер! - деді Пак.
Сот Юрий Пактан "эмоциясын сыртқа шығармауды" сұрады. Пактің адвокаты Сергей Ким соттың "істе заң бұзушылық" барына назар аудартып, сот тергеуі "шындыққа жарты қадам жетпей тұрғанын" мәлімдеді. Адвокат Пактің телефонын әлдебіреулер қашықтан бұзып кірді деп болжайтынын, мұғалімнің қоңырау соғуына себеп болмағанын айтты. Прокурор жарыссөз кезінде алғашқы сот үкімін заңды және әділетті деп санайтынын айтып, соттан Пактің шағымын қанағаттандырмауды сұрады.
- Заң бұзылғанына ешкім дау айтқан жоқ. Егер Пак кінәсіз болса, онда неге ол екінші қайтара сараптама жасатудан бас тартты? - деді прокурор.
Сот кеңесу бөлмесіне шығып кетті. Шағым бойынша сот шешімі 29 қараша - сейсенбі күні шығуы мүмкін.