Accessibility links

Павлодарда "алауыздық тудырды" деп айыпталған тұрғын сотталды


"Трансұлттық қылмыстық топ құрды" және "алауыздық тудырды" деген айыптармен сотталған Ринат Гинатуллин сот залында. Павлодар, 13 желтоқсан 2016 жыл.
"Трансұлттық қылмыстық топ құрды" және "алауыздық тудырды" деген айыптармен сотталған Ринат Гинатуллин сот залында. Павлодар, 13 желтоқсан 2016 жыл.

Павлодар тұрғыны Руслан Гинатуллин "трансұлттық қылмыстық топ құрды" және "алауыздық тудырды" деп айыпталып, алты жылға сотталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 34 жастағы тұрғынға қатысты үкімді бүгін Павлодар қалалық соты шығарды. Сот Гинатуллинді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу, одан сот сараптамасына кеткен шығынды өндіріп алу туралы үкім кескен. Үкім жарияланған сотта Гинатуллиннің адвокаты болған жоқ. Биыл маусымнан бері қамауда отырған Гинатуллин үкімді бірқалыпты отырып тыңдады.

Сот материалы бойынша, Гинатуллин "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "экстремистік мазмұндағы" және "ұлт аралық алауыздық тудыруды" көздейтін бірнеше ведеоролик жариялаған. Үкімде бұған дейін тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" исламшыл ұйымына мүше болды" деген айыппен сотталған Гинатуллиннің "бұл ұйым қатарынан шықпағаны", "белсенді мүшесі болғаны" айтылады.

Гинатуллин өзіне тағылған айыпты мойындамайды. 13 желтоқсанда сотта соңғы сөзін айтқан ол айыпты "абсурд" және "қисынсыз" деп атаған. Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеороликтерінің экстремистік мазмұны жоғын, оларды интернетте еркін көруге болатынын айтты.

Жарыссөзде айыптаушы прокурор Гинатуллинді жеті жылға соттауды сұраған.

Гинатуллиннің адвокаты Бауыржан Азанов бұған дейін Азаттыққа сот материалдарында оның қандай да бір қылмыстық топқа немесе тыйым салынған ұйымға қатысы барына дәлел жоғын айтқан.

XS
SM
MD
LG