Германия канцлері Ангела Меркель сыртқы саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кристоф Хойсгенді АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың командасымен келіссөз жүргізуге жұмсамақ. Хойсген болашақта Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметіне кірісетін Майкл Флинмен алдағы аптада АҚШ-та кездеспек.
Германияның Der Spiegel басылымының хабарлауынша, мұндай шешімге АҚШ-тың жаңа әкімшілігі сыртқы саясатында қандай бағытты таңдамақ деген Берлиннің алаңдаушылығы түрткі болған. Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасы да келіссөз тақырыптарының бірі болмақ.
Сайлауалды науқаны кезінде Дональд Трамп Ресей қарым-қатынасты түзеуге және Қырымды Ресейдің аумағы деп тану мәселесін қарастыруға уәде берген. Миллиардерді сынаушылар Трампты Ресей президенті Владимир Путинге бүйрегің бұрады деп сөккен.