Accessibility links

Оралда "түрме салатын қаржыны иеленген" экс-шенеуніктің соты басталды


Оралдағы жаңадан салынған РУ-170/3 қатаң режимдегі түзе колониясы. 22 желтоқсан 2016 жыл.
Оралдағы жаңадан салынған РУ-170/3 қатаң режимдегі түзе колониясы. 22 желтоқсан 2016 жыл.

Оралда ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті жанындағы "Еңбек Орал"кәсіпорны филиалы директорының міндетін атқарушы Руслан Шунаев қаржы жымқыру айыбымен сотқа тартылды. Оған Оралда қатаң режимдегі түзеу колониясын салуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған.

Тергеу материалы бойынша, колония салу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға жауапты 46 жастағы Руслан Шунаев 2012-2013 жылдары "жалған фирманың есепшотына 11 миллион теңгеден астам қаржы аударған". Мемлекеттік айыптаушы Шунаев "осы қаржының жеті миллионнан астамын өзі иеленген" дейді. Шунаевқа орындалған жұмыстар туралы қаржылық есебі бұрмаланған акт ұсынған деген айып тағылған.

Бүгін сотта сөйлеген куәгерлер - Руслан Шунаевтың бұрынғы бағыныштылары бригадир Бауыржан Үсенов пен учаске бастығы Ұшқын Қапезов Шунаев жалған фирмалармен құрылыс-монтаж жұмыстары туралы келісімшарт жасасқанда "он пайыз көлемінде пара талап еткенін" айтты.

Шунаевтың адвокаты Әділбек Қисамбаев сот барысы және клиентіне тағылған айыпқа қатысты комментарий беруден бас тартты.

900 тұтқынға арналған қатаң режимдегі РУ-170/3 түзеу колониясы он жыл салынып, 2016 жылдың сәуірінде пайдалануға берілген. Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, түрме құрылысына 2,3 миллиард теңге жұмсалған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG