Accessibility links

Каспийдегі әскерилердің қазасы үшін сотталғандар рақымшылықпен босады


Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінің жағалауы (Көрнекі сурет).
Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінің жағалауы (Көрнекі сурет).

Каспий теңізінде 2015 жылы жаттығу кезінде төрт сарбаздың қаза табуына кінәлі деп сотталған әскери қызметкерлер рақымшылықпен бостандыққа шықты. 2015 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысында "Орталық-2015" жаттығуында Каспий теңізінің қазақстандық акваториіне теңіз десантын түсіру кезінде төрт бронды әскери көлік суға батып, төрт сарбаз қаза тапқан.

2016 жылы қарашада Ақтау гарнизонының әскери соты "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Мұрат Нұғымановты, теңіз жаяу әскері бригадасының бұрынғы командирі Ерболат Толықбаев пен 25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскері командирінің орынбасары Рашид Жылқайдаровты әрқайсысын екі жарым жылға соттаған. Сот оларды "қызметіне салғырт қарап, салдарынан ауыр зардап келтірді" деп айыптаған. Бұл айып бойынша сот әскери көліктердің бұрынғы үш командирлері Абай Баймұратовты бір жарым жылға бас бостандығынан айырып, Бауыржан Төлегенов пен Ерасыл Көбегенді алты айға шартты мерзімге соттаған.

Informburo ақпараттық сайтының хабарлауынша, Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 2 ақпанда әскерилерді рақымшылық туралы заң бойынша босатуға шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG