Accessibility links

АҚШ-та иммигрантты заңсыз дауыс бергені үшін соттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Техас штатында дауыс беру құқы жоқ екендігіне қарамастан сайлауда екі рет дауыс берген Мексикадан келген иммигрант әйел сегіз жылға сотталған. Бұл туралы The New York Times газеті хабарлады.

Құрама Штаттарда тұрақты тұруға құқық беретін «грин карта» (Green Card) иегері Роза Мария Ортеганың 2012 жылғы АҚШ президенті сайлау мен 2014 жылғы аралық сайлауда дауыс бергені анықталып, сот оны бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Техас билігі айыпкерге "сайлау қауіпсіздігіне қатаң қарау" тұрғысынан жаза тағайындалды деп түсіндірген.

Осы аптада АҚШ-та полиция тексеруі барысында ел аумағында заңсыз жүрген жүздеген мигрант ұсталған.

Қаңтардың 26-сы күні АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз миграцияға қарсы күресті күшейту туралы жарлыққа қол қойған. Жаңа шара АҚШ пен Мексика арасындағы шекара бойына дуал тұрғызуды және заңсыз мигранттарды ұстауға және тұтқындауға болмайтын арнайы қалаларды федералдық қазынадан қаржыландыруды қысқартуды көздейді.

XS
SM
MD
LG