Accessibility links

Лахорда қарсылық акциясындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты


Лахорда болған жарылыс орны. Пәкістан, 13 ақпан 2017 жыл.
Лахорда болған жарылыс орны. Пәкістан, 13 ақпан 2017 жыл.

Пәкістан билігінің мәліметінше, Пенджаб провинциясының орталығы Лахор қаласында 13 ақпанда наразылық акциясы кезінде болған күшті жарылыстан 13 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Демонстрацияны дәрі-дәрмек саудасына қатысты заңға жаңа өзгерістер енгізілуіне қарсы шыққан жүздеген дәріхана иелері өткізді.

Провинция полициясының басшысы Муштак Секхер жарылысты "жанкешті жасаған шабуыл" деп атап, одан бес полицейдің қаза тапқанын хабарлады. Секхердің сөзінше, террорист өзін құқық қорғау органдарының өкілдері демонстранттармен келіссөз жүргізіп тұрғна кезінде жарып жіберген. Жергілікті өзге бір билік өкілінің айтуына қарағанда, жарылыстан 58 адам жараланған, олардың тоғызының халі ауыр. Шабуылдың жауапкершілігін "Талибанның" пәкістандық бөліміне кіретін "Джамаат-ур-Ахрар" тобы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG