Accessibility links

Министр: Қазақстан биатлоншыларының допинг сынамасы таза


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін Астанада өткен үкімет отырысынан кейін Қазақстан биатлоншыларының допинг сынамасы таза болып шыққанын хабарлады.

"Австрияда допинг сынамалары алынған. Кеше (13 ақпанда) Австрияның антидопинг агенттігінен тексерістің алғашқы нәтижесін алдық. Спортшыларымыздың нәтижесі теріс, яғни олар допингтен таза. Қазір WADA (Халықаралық антидопинг қауымдастығы) жақтан ресми хат күтіп отырмыз" деді министр.

8 ақпанда Австрия полициясы Хохфильцен қаласында Қазақстан биатлон құрамасы тоқтаған қонақ үйді тексергенін хабарлаған. 23 қаңтарда Германияның Инцель қаласы маңындағы жанармай құю станциясы маңынан дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар және Қазақстан биатлон құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылған. Осыдан кейін Австрия полициясы Қазақстан биатлон құрамасына тексеру жүргізген. Ал Австрия допингке қарсы агенттігі қазақстандық биатлоншыларының барлығын допингке тексерген.

XS
SM
MD
LG