Accessibility links

Пәкістанда храмға шабуылдан ондаған адам қаза тапқан


Шабуыл жасалған Лал Шахбаз Каландар кесенесі алдында тұрған полиция өкілдері. Сехван-Шариф қаласы, Пәкістан. 16 ақпан 2017 жыл.
Шабуыл жасалған Лал Шахбаз Каландар кесенесі алдында тұрған полиция өкілдері. Сехван-Шариф қаласы, Пәкістан. 16 ақпан 2017 жыл.

Пәкістанның оңтүстігінде Синд провинциясындағы Сехван-Шариф қаласында суфизм діни ағымын ұстанушылар арасында қасиетті саналатын Лал Шахбаз Каландар кесенесіне бейсенбі күні жанкешті жасаған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 72 адамға жеткен, жүз елуден аса адам жараланған деп хабарлады полиция шенеунігі. Оның сөзінше, құрбан болғандар саны бұдан да көбеюі мүмкін. Оқиға болған жерден гуманитарлық ұйым қызметкерлерінің хабарлауынша, мерт болғандар арасында кемінде 30 бала бар.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф шабуылды айыптаған.

Бұл осы аптада Пәкістанда болған жарылыстар арасында ең көп адам қазасына әкелген шабуыл болып отыр. Шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеме «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар Aamaq сайтында жарияланған.

Әдетте бейсенбі күні мыңдаған адам келетін Лал Шахбаз Каландар кесенесіне ақпанның 16-ы күні шабуыл жасалған кезде өте көп адам жиналған. Жергілікті билік орындары қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік аза тұту жариялады. Пәкістан күштері Ауғанстанмен шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG