АҚШ бизнесмені Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясы Марсқа зымыран ұшыру жоспарына өзгеріс енгізді. Компания ғарыш аппаратын ұшыру бұған дейін айтылған мерзімнен екі жыл кешірек – 2020 жылға қалдырылғаны туралы хабарлады.
Мұның себебін компания ғарышқа экипаж ұшыру бағдарламасын дамыту және ауыр зымыран тасығышын құрастыру көбірек уақыт пен ресурсты қажет ететіндігімен түсіндірген. Алғашқы ондай зымыран биыл жазда ұшырылады деп белгіленген. Былтыр Илон Маск Марсқа қоныстану жоспарын жариялап, оны таяу онжылдықтарда жүзеге асырмақ ниеті барын мәлімдеген.
2020 жылға қарай АҚШ ғарыш агенттігі NASA Марсқа өздігінен жүретін тағы бір аппарат ұшыруды жоспарлап отыр. Сол жылы ресейлік «Роскосмос» пен Еуропа ғарыш агенттігінің бірлескен миссиясының ExoMars бағдарламасы да Марсқа аппарат аттандырмақшы.