Accessibility links

БАҚ: Ақ үй FBI-дан Ресеймен байланысы туралы деректі терістеуді сұраған


Райнс Прибус, Ақ үй аппаратының басшысы.
Райнс Прибус, Ақ үй аппаратының басшысы.

Ақ үй аппаратының басшысы Райнс Прибус Федералдық тергеу бюросынан (FBI) БАҚ-тың президент Дональд Трампқа сайлауалды кампаниясына кезінде кеңес берген кеңесшілер Ресей барлау қызметінің өкілдерімен тығыз байланыста болды деген хабарын жоққа шығаруды сұраған деп хабарлады америкалық ақпарат құралдары.

Associated Press-тің Ақ үйдегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Прибус FBI Ақ үйге New York Times-тың Трамп кеңесшілерінің Ресеймен байланысы туралы жариялаған мақаласын сенімді деп санамайтынын айтқан соң FBI директоры Джеймс Коми мен оның орынбасары Эндрю МакКейбуге қайырылған. Прибус FBI басшылығынан дау өршіп бара жатқан кезде тым болмағанда журналиспен сөйлесуді сұрады деп жазады Times газеті. FBI басшылары ол өтінішті қабылдамай тастап, бұған қатысты көпшілікке ешқандай мәлімдеме жарияламаған. Прибустың өтініші туралы алғаш болып хабарлаған CNN Коми "Трамптың серіктері мен ресейліктер арасында болған ықтимал байланысты" FBI тергеп жатқанын айтып, өтінішті кері қайтарған дейді.

XS
SM
MD
LG