Сібірге қоныстанған, он балалы неміс отбасы Ресейде бірнеше ай тұрған соң Германияға қайтып кетті. Отағасы, Ресейде туған 45 жастағы Ойген Мартенс қаңтарда Азаттыққа мемлекеттік отандастарды қолдау бағдарламасы аясында Ресей азаматтығын алуға кеңес бергенін айтқан. Оның отбасы өткне жылдың желтоқсанында Новосібір облысының Кыштовка кентіне қоныстанған еді. Ойген Мартенс пен оның әйелі Луиза Ресейдің Омбы облысында туып, 1990 жылдары Совет одағындағы жүз мыңдаған этникалық немістер қатарында Германияға көшіп кеткен.
Мартенстердің отбасы Сібірге өткен жылы желтоқсанда барған. Ойген Мартенс Ресейге қайтып келуіне "Германия қоғамының жыныстық тұрғыдан азғындап кетуі мен Германияға босқындардың ағылып келуі" себеп болғанын айтқан.
Ресейлік БАҚ-тың Кыштовкада Мартенсов отбасының досына сілтеме жасап хабарлауынша, Мартенстер отбасы 24 ақпанда Новосібірден Германияға ұшып кеткен. Жергілікті билік Мартенстер тұрған үйдің бірнеше күннен бері бос тұрғанын айтады. Неміс отбасының Германияға не үшін кетіп қалғаны хабарланбады.