Accessibility links

Reuters: Лондондағы терактіні ИМ экстремистік тобы мойнына алды


Жүргіншілер шабуылдан жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.
Жүргіншілер шабуылдан жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.

Лондондағы 22 наурызда болған терактіні "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мойнына алды деп хабарлады Reuters агенттігі.

Лондонда наурыздың 22-сі күні күндіз көлікке мінген белгісіз біреу британ парламенті ғимараты қасындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды басып өтіп, сол маңдағы Вестминстер сарайының қоршауына соғылған. Көліктен жүгіріп түскен ер адам өзін бөгемек болған қарусыз полиция қызметкерін пышақтаған. Оқиға орнына жеткен өзге полицейлер оны атып жаралап, күдікті ауруханаға апара жатқанда қайтыс болған.

Соңғы дерекке қарағанда, кешегі шабуылдан жиыны төрт адам (полицей Кит Палмер, 43 жастағы Айша Фрейд есімді әйел мен 50-лер шамасындағы ер адам және шабуылдаушының өзі) қаза тапқан.

Ауруханада жаралы 29 адам жатыр, олардың жетеуінің халі мүшкіл.

Лондондағы шабуылға байланысты сегіз адам тұтқындалды деп хабарлады Ұлыбритания полициясы.

XS
SM
MD
LG