Accessibility links

Сербияда Вучичтің президент болып сайланғанына наразылық танытып жатыр


Сербиядағы президент сайлауының қорытындыларына наразылық акциялары. Белград, 5 сәуір 2017 жыл.
Сербиядағы президент сайлауының қорытындыларына наразылық акциялары. Белград, 5 сәуір 2017 жыл.

Сербияда мыңдаған адам үшінші күн қатарынан елдегі президент сайлауында премьер-министр Александр Вучичтің жеңгеніне наразылық акцияларын өткізіп жатыр. Белградтағы парламент алдына жиналғандар Вучичті сайлауда даусымызды ұрлады деп айыптады. Наразылық танытып жатқандардың көпшілігі - студенттер мен жастар.

Сербияда президент қызметінің өкілеттігі шектеулі. Бірақ Вучич билігін өзінің Серб прогрессивтік партиясы арқылы сақтап қалады деген болжам бар. Наразылық танытушылар Вучичті "автократ" деп, ал оның партиясын "коррупцияға ұрынған" деп айыптады.

Кеше бұдан бұрын бір топ студент әлеуметтік желілерде шерушілердің талаптарын жариялаған. Тізімде сайлау комиссияларын, БАҚ қызметін реттейтін агенттікті тарату, мемлекеттік RTS TV телеарнасының басшыларын қызметінен шеттету талаптары бар. Олар сонымен қатар парламент спикері Майя Гойковичті отставкаға кетуге шақырды. Демонстранттардың айыптауынша, Гойкович сайлау кампаниясы кезінде бір аптаға парламентті таратып жіберіп, оппозицияның парламент трибунасын платформа ретінде пайдалануына кедергі келтірген.

Вучич 4 сәуірде журналистерге "бейбіт сипаттағы" наразылық акцияларына қарсы емесін мәлімдеген. "Біз - демократиялық елміз. Бізде барлық адамның сайлау қорытындыларын құптауға, я құптамауға құқығы бар" деді Вучич.

XS
SM
MD
LG