Accessibility links

Бішкектегі түрік университетінің атауы өзгерді


Бішкектегі атауы өзгерген "Ататүрік - Ала-Тоо" университеті.
Бішкектегі атауы өзгерген "Ататүрік - Ала-Тоо" университеті.

Бішкектегі "Ататүрік - Ала-Тоо" халықаралық университетінің атауы "Ала-Тоо" деп өзгертілді. Бұл туралы 5 сәуірде "Сапат" білім беру мекемелері желісінің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады. Университет осы желінің құрамына кіреді.

Университет ректоры болып таяуда ғана педагогика ғылымдарының докторы, білім беру саласындағы бірқатар заң жобаларының авторы, парламенттің үш шақырылымында депутат болған Жангороз Каниметов тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Осман Гокалп атқарған.

Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қырғызстанның әділет министрлігінде қайтадан аккредитациядан өтуі тиіс университеттің жаңа жарғысы дайындалып жатыр.

Бұған дейін "Себат" қырғыз-түрік лицейлерінің желісінің атауы "Сапат" деп өзгерген.

XS
SM
MD
LG