Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығының хабарлауынша, бүгін Астана уақытымен сағат 13:40 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 265 километр қашықтықта жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.8, энергетикалық класы – 8.8.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.