Accessibility links

Экобелсенділер Байбекке "экологияны құртқаны үшін" грамота жолдады


Экологиялық белсенді Абай Ерекенов Алматы әкімі Бауыржан Байбекке "қала экологиясын құртудағы еңбегі үшін" грамота жіберіп тұр. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.
Экологиялық белсенді Абай Ерекенов Алматы әкімі Бауыржан Байбекке "қала экологиясын құртудағы еңбегі үшін" грамота жіберіп тұр. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Алматыда "Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының белсенділері қалалық әкімдік алдында қаладағы экологиялық проблемаларға алаңдаушылығын білдірді.

Белсенділер Абай Ерекенов пен Салтанат Тәшімова қала әкімі Бауыржан Байбекке "Өлім" деп аталатын инсталляция мен "Алматының экологиясы, сәулеті мен тарихын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, билікке деген сенімді, жағдайдың жақсаруына деген үмітті жоюға қосқан ерен еңбегі үшін" грамота жолдады. Инсталляция мен грамотаны қала әкімінің кеңсесі қабылдап алды.

Белсенділер ағаштың кесілген қысқа бөренесіне құрылыс қалақшасы мен таттана бастаған темір қазық қадалып, трамвай төмен қарай қисайып тұрған макетін қою арқылы жасаған инсталляциясы қаладағы экологиялық проблемалардан хабар беретінін айтады.

- Сылақ қалақшасы - Алматының экологиясына нұқсан келтіріп жатқан құрылыстар. Ол құрылыстың қалыпты мөлшерден әлденеше есе көп жүргізіліп жатқанын білдіреді. Қисайып тұрған трамвай - қаладағы трамвай желісінің алынып тасталғаны. Негізі, экологиялық тұрғыдан таза транспорт осы трамвай еді. Қадалған тат басқан сияқты темір қазық - халықаралық ұйымдардың Қазақстан билігінің Көкжайлауға қатысты ұсынған жобасына "ең нашар жоба" деп берген бағасын білдіреді, - дейді Абай Ерекенов.

Экология белсенділерінің Алматы әкімі Бауыржан Байбекке жолдаған "Өлім" инсталляциясы. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.
Экология белсенділерінің Алматы әкімі Бауыржан Байбекке жолдаған "Өлім" инсталляциясы. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.

Олардың сөзінше, таяуда қалада "мыңдаған түп ағаш кесілетіні" туралы хабарланған. "Олардың орнына басқа ағаш отырғызылып жатқан жоқ, тек кесіліп жатыр. Қала аумағының қалыптан тыс, есепсіз үлкейіп бара жатқаны да алаңдатады" дейді белсенділер.

Белсенділер әкімге «сыйлық» жолдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

XS
SM
MD
LG