Accessibility links

СІМ: Маниладағы шабуылда қазақстандықтар зардап шеккен жоқ


Қазақстан сыртқы істер министрлігі үйі, Астана.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі үйі, Астана.

Қазақстан сыртқы істер министрлігіне Филиппин астанасы Манилада казинода болған атыс пен өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бары туралы мәлімет түскен жоқ деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

2 маусымға қараған түні Манилада Resorts World казиносына қарулы белгісіз ер адам басып кіріп, полициямен атысып, ойын үстелдерін өртеген, соңынан өзін-өзі өртеген. Полиция казинодан өрт кезінде иіс тиіп өлген болуы мүмкін 34 адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, қарулы адам казиноны тонамақ болған және оқиғаның терроризмге қатысы жоқ.

Полиция басшысы жергілікті радиоға атыс жасаған адам казинода полициямен бірнеше сағаттық егес кезінде жалғыз өзі әрекет еткенін және басқа адамдарға оқ атпағанын хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, қарулы адам казиноның ақшасын тонамақ болған. 2 маусым күні таңертең шабуыл жасаған адамның өлі денесі Манило әуежайына жақын қонақүй бөлмелерінің бірінен табылды. Полиция оның үстіне бензин құйып, өз-өзін өртегенін айтады. Шабуылдаушының полициямен атысы кезінде кем дегенде 54 адам жараланды, олардың кейбірі кешеннен сытылып шықпақ болғанда ауыр жараланған.

XS
SM
MD
LG