Accessibility links

Ресей жаңа санкцияларға байланысты АҚШ-пен диалогын тоқтатты


Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.
Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

АҚШ мемлекеттік департаменті Кремльдің Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтің АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен кездесуден бас тарту туралы шешіміне өкініш білдірді. Рябковтың хабарлауынша, кездесу бірер күн бұрын Вашингтонның Ресейге Украинадағы саясатына байланысты жаңа санкциялар салуына жауап ретінде тоқтатылған. Жаңа санкцияға Ресейдің Украинадағы әрекетіне қатысы бар 38 жеке адам мен компания іліккен.

Рябковтың сөзінше, "жағдай 23 маусымда Санкт-Петербургте диалогтың келесі кезеңін өткізуге сай келмей тұр".

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Ноэрттің мәлімдеуінше, Ресей екі жақты қарым-қатынастардағы "кедергілерді талқылау мүмкіндігінен жалтару туралы шешім қабылдады". Ол "Бұл санкциялардың жоқ жерден пайда болмағанын ұмытпайық. Олар Ресейдің көршілес Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін бұзуды тоқтатпай отырғанына жауап ретінде салынды. Санкциялар Ресей Минск келісімі аясында өзіне алған міндеттемелерін толық орындамайынша күшінде қала береді" деді. Ноэрт сонымен бірге "Санкцияларымыз Қырыммен байланысты және ол Мәскеу түбекті оккупациялауын тоқтатпайынша жойылмайды" деді.

XS
SM
MD
LG