Accessibility links

Назарбаева: Журналистер де ант қабылдауы керек


Дариға Назарбаева, сенат депутаты.
Дариға Назарбаева, сенат депутаты.

Парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистер қызметінде "біреуге зиян келтірмеу" принципін ұстануы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан XIV Еуразия медиафорумында айтты. Форум

Форумда журналистік этика мәселесін көтерген Назарбаева қазіргі заманды "басқарылмайтын еркіндік дәуірі" деп атап, қоғамға ақпарат тарататын журналист мамандығын таңдайтындар Гиппократ анты сияқты ант қабылдап, "зиян келтірме" принципін ұстануы тиіс.

Еуразия медиа форумына 60-тан астам мемлекеттен БАҚ өкілдері, сарапшылар, саясаткерлер, экономистер қатысып жатыр. Олардың арасында Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл бар.

Форум "Компромисс іздеу сценариі" деген тақырыпта өтіп жатыр.

Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG