АҚШ қолдайтын сириялық арабтар мне күрдтердің "Сирия демократиялық күштері" альянсы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылауындағы Ракка қаласына оңтүстік жағынан кірді. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы 2 шілдеде альянс жасақтары қалаға кіру үшін Евфрат өзенінен өткенін хабарлады. "Бүгін олар бірінші рет Ракканың шығыс бөлігіне кіріп, "Әл-Хал" базарын басып алды" деп хабарлады ұйым жетекшісі Рами Абдел Рахман.
Альянс жасақтары соңғы бірнеше айдан бері Ракканы қоршауға алмаққа әрекеттеніп жатыр. Өткен айда альянс қалаға шығыс жағынан солтүстік жағынан енген. 2 шілдеде араб-күрд альянсы батыс және шығыс майданды күшейту үшін мың адамнан тұратын қосымша күш тартқанын хабарлады.