Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қабылдады. 3 шілде күні кешкісін мемлекет басшылары бейресми дастарханға жиналды. Екі ел басшыларының ресми келіссөзі бүгінге жоспарланған.
Си Цзиньпиннің Мәскеудегі екі күндік сапары кезінде шамамен 40 келісімге қол қойылады деп жоспарланған.
Қытай - Ресейдің басты сауда әріптесі. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы шамамен 65 миллиард доллар болды.