Accessibility links

Қазақ-өзбек шекарасында жол мен өткізу бекеті ашылды


Қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекетіндегі бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы, 19 желтоқсан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекетіндегі бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы, 19 желтоқсан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қазақ-өзбек шекарасында халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдария» өткізу бекеті ашылды деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Жолдың Мақтарал ауданы арқылы өтетін ұзындығы - 24,1 шақырым. Жолаушылар үшін қатынас жолы 80 шақырымға қысқарып, жол жүру уақытын үнемдейді. Өзбекстандықтарға Ташкент қаласынан Жизақ арқылы Самарқандқа өту үшін төтесінен жүруге мүмкіндік беріп, жол 55 шақырымға қысқарды. «Сырдария» шекара бекетінің тәулігіне 5 мың адам мен 200 автокөлік өткізуге мүмкіндігі бар» делінген баспасөз хабарламасында.

Екі ел арасындағы қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Өзбекстанның Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысқан.

«Ташкент-Термез» бағытындағы автомобиль жолы 2006 жылы жабылған. Бұл жол Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы Өзбекстанға өтеді.

XS
SM
MD
LG