Accessibility links

Өзбекстанда шетелге шығуға рұқсат алу талабы жойылды


Өзбекстан билігінің шетелге баратын азаматтарға беретін шетелге шығу визасының үлгісі.
Өзбекстан билігінің шетелге баратын азаматтарға беретін шетелге шығу визасының үлгісі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 тамызда шетелге шығуға рұқсат беретін виза алу талабын жоятын жарлыққа қол қойды. Осы жарлық бойынша жаңадан биометрикалық төлқұжат енгізілмек. Жаңа төлқұжат 2019 жылдан бастап беріле бастайды.

Жарлықта шетелге шығу рұқсат визасы Өзбекстан азаматтарының еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретіні, ал жаңа төлқұжат бюрократиялық жүйені бұзып, коррупцияны әлсіретуге септігін тигізетіні айтылған.

Кейбір сарапшылар Өзбекстанда жасалынып жатқан өзгерістерге байланысты билік саяси диссиденттер мен оппозициялық тұлғаларды қара тізімнен шығарып, авторитарлық режимді әлсіретіп жатыр деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG