“Өзенмұнайгаз” компаниясы ереуілшілермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде “Власть” сайты жазды.
“Жұмысшылардың талаптарының әрбір пункті мұқият қарастырылады. Барлығы құқықтық шеңберде және заңнама деңгейінде шешілуі керек” деді компания өкілдері.
ӨМГ келіссөздің қорытындысы бойынша тиісті ақпарат қосымша хабарланатынын айтты.
Жаңаөзенде ӨМГ-ға қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” мекемесінің жұмысшылары 12 қарашада кешке жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан. Олар басшылыққа бес талап қойып отыр. Арасында дербес еңбекақы төлем жүйесіне көшу туралы да талап бар.
Бір күн бұрын оларды қолдап, ӨМГ-ға қарасты өзге де мекемелер жұмысты тоқтатқаны хабарланған.
2011 жылғы мұнайшылар ереуілінен кейін құрылған "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясында жұмысшылардың сөзінше, мың шақты адам істейді.
ПІКІРЛЕР